2025 жылдың 18 қыркүйек күні Тілдер Мерекесі Күніне арналған аудандық жоспарды жүзеге асыру барысында Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Тіл- ұлт айнасы» атты әдеби-музыкалық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне, орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту және шығармашылық қабілеттерін қолдау. Байқауға ауыл мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ, орыс ағылшын тіліндерінде өлең оқыды, әндерді жеке және топ болып орындады, халық билерін биледі. Қатысушылар дұрыс айтылымды, әртістік шеберліктерін көрсетті. Әділ қазылар алқасы: 1 Абдрахманова Ботагөз Олжабаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Горький атындағы ЖОББМ; 2. Токумова Бекзат Жаныбековна, ағылшын тілі мұғалімі, Горький атындағы ЖОББМ; 3. Брух Светлана Анатольевна оқу ісінің орынбасары, Наумовка ауылының ЖОББМ. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, олар дипломдармен марапатталды: І орын: 1.Нұртазинова Анель 9 сынып оқушысы Мичурин атындағы ЖОБМ, мұғалімі Шугубаева А.Н. 2. Якубова Таисия 9 сынып оқушысы Талқара ауылының ЖОМ, мұғалімі Жумабекова У.С. ІІ орын: 1. Герман Вероника 8 сынып оқушысы Наумовка ауылының ЖОББМ, мұғалімі Мельникова Т.В. 2. Жанибекова Разия 8 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОБМ, жетекшісі Кифер Л.И. 3. Толстых Максим 7 сынып оқушысы Наумовка ауылының ЖОББМ ІІІ орын: 1.”Аурум” би тобы Наумовка ауылының ЖОББМ, жетекшісі Громова К.Н. 2. Мухамеджанова Аружан 11 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОББМ, жетекшісі Кифер Л.И. 3. Мухамеджанова Назерке 9 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОББМ, жетекшісі Кифер Л.И. 4. Нұртазина Аделина, 5 сынып оқушысы, Мичурин атындағы ЖОБМ, жетекшісі Шугубаева А.Н. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификат табысталды.