«Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбындағы әңгіме. Мектепте Жұмысшы мамандықтар жылына арналған тақырыптық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарымен, олардың қоғам мен ел экономикасын дамытудағы маңызымен танысты. Еңбекке деген құрметке, кәсіби шеберлікке және таңдалған іске жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мектеп оқушылары өз қызметкерлерімізге еңбектері үшін алғыс білдірді.