29.01.2026 ж. мектепте 3–4 және 8–9 сынып оқушылары үшін жартыжылдық тестілеу өткізілді. Тестілеудің мақсаты — бірінші жартыжылдықта оқу материалының қаншалықты меңгерілгенін анықтау, оқушылардың біліміндегі мықты тұстар мен кездесетін қиындықтарды айқындау. Жиналған нәтижелер мұғалімдерге оқу үдерісін жетілдіруге және білім алушыларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.